Қалалық мәслихатының 2007 жылғы 25 желтоқсанындағы № 5/39 - 4с «2008 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Шымкент қалалық мәслихатының 2008 жылғы 17 қаңтардағы № 6/57-4с шешімі
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылдың 25 желтоқсанындағы № 5/39-4с «2008 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізімінде № 14-1-67 тіркелген, «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде 2008 жылдың 11 қаңтарында жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) тармақшадағы:
«33 603 950» деген сандар «35 999 234» деген сандармен ауыстырылсын;
«15 586 331» деген сандар «14 581 940» деген сандармен ауыстырылсын;
«6 310 371» деген сандар «9 710 046» деген сандармен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы:
«23 585 234» деген сандар «29 400 774» деген сандармен ауыстырылсын;
3) тармақшадағы:
«10 018 716» деген сандар «6 598 460» деген сандармен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы:
«2 659 059» деген сандар «2 019 059» деген сандармен ауыстырылсын;
6) тармақшадағы:
«7 374 357» деген сандар «4 594 101» деген сандармен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы:
«-7 374 357» деген сандар «-4 594 101» деген сандармен ауыстырылсын және келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы - 49 766 мың теңге»;
«591 887» деген сандар «83 660» деген сандармен ауыстырылсын;
«541 827» деген сандар «33 600» деген сандармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Қала бюджетінде келесідей шығындарға республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттері қарастырылғаны ескерілсін:
бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға - 144 073 мың теңге;